Мәжілістің жаңа депутаты ант берді

9 Наурыз 2022, 10:08
1410
Бөлісу:
Мәжілістің жаңа депутаты ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Аманжол Әлтай ант берді.

Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен AMANAT партиясының тізімі бойынша Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты болып тіркелді.

Мәжілісте Аманжол Әлтай депутаттық антын берді.

Қазақстан халқыны адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Аманжол Әлтай.

Жаңа депутат Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.

Өзгелердің жаңалығы