Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды.
Мәжілістің тұрақты комитеттерінің саны жетіден аспауы керек.
7 комитет: Аграрлық мәселелер комитеті, Әлеуметтік мәдени-даму комитеті, Қаржы және бюджет комитеті, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеті, Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитеті және Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті.
Бүгінгі жалпы отырысқа дейін парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялар фракциялары басшылары тиісті консультациялардан өтті. Консультация барысында Мәжілістің бір емес, екі комитеті, яғни Аграрлық мәселелер және Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитеттерінің төрағалары Парламенттік оппозициядан ұсынылады. Қалған 5 тұрақты комитет төрағалары Парламенттік көпшіліктен, яғни Nur Otan партиясы фракциясынан сайланады, - деді Нығматулин.
Аграрлық мәселелер комитеті төрағасы – Ерлан Барлыбаев;
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы – Жәмилә Нұрманбетова;
Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы – Қанат Мусин;
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы – Қанат Құсайынов;
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы – Айгүл Құспан;
Экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы – Александр Милютин;
Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті төрағасы – Альберт Рау;
Сондай-ақ, отырыста комитет мүшелері де сайланды.