Мәжілістің экс-депутаты қайтыс болды

11 Желтоқсан 2020, 20:01
6800
Бөлісу:
Мәжілістің экс-депутаты қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алғашқы қазақстандық бизнесмендердің бірі - Мәжілістің ІІ шақырылымының депутаты Исахан Әлімжанов қайтыс болды.

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің басшылығы мен депутаттары Мәжілістің бұрынғы депутаты Исахан Молдаханұлы Әлімжановтің қайтыс болуына байланысты туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Исахан Әлімжанов 1959 жылы 7 тамызда дүниеге келген. Ол Мәжілістің бюджет және қаржы комитетінің мүшесі болған. 

Өзгелердің жаңалығы