Мәжілістен кеткен Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

29 Желтоқсан 2021, 10:16
2219
Бөлісу:
Мәжілістен кеткен Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті болып тағайындалды.

Бекболат Қанайұлын баршаңыз жақсы білесіздер. Елімізге, халқымызға танымал тұлға. Бүгінде Бекболат Тілеуханды білмейтін қазақ жоқ десек артық болмайды. Ол саясатта болсын, өнер саласында болсын, қоғамдық жұмыстарда болсын үлкен үлес қосып келе жатқан абыройлы азаматтарымыздың бірі. Бірнеше шақырылым Мәжіліс депутаты болды, - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Нығматулин әріптесінің халыққа қажетті заңдар қабылдауға ықпал еткенін, әсіресе еліміздің әлеуметтік-мәдени даму жолында Бекболат Қанайұлының рөлі өте зор екенін атап өтті.

Бекболат Тілеухан Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының (WEC) вице-президенті болып тағайындалды, - деп айтты спикер.

Аталған халықаралық ұйымның штаб-пәтері Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан. Біләл Ердоған басқаратын бұл ұйымға Қазақстан 2019 жылы алғашқы толыққанды мүшесі ретінде қабылданған. Қазіргі уақытта ұйымға әлемнің көптеген этноспорт федерациялары мүше.

Бекболат Қанайұлы өткен жылдан бері конфедерацияның Орталық Азия комитетіне жетекшілік етіп келеді.

Атап өтейік, 2022 жылы IV Көшпенділер ойындары Түркияның Бурса қаласында өтеді деп жоспарланған.

Бүгін Қауымдастық президенті өз өтініші негізінде депутаттық өкілеттілігін тоқтатып, Парламент Мәжілісінің депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы