Мәжілісте жайылымды жақсартуға қатысты заң қаралып жатыр

9 Қараша 2022, 11:39
1179
Бөлісу:
Мәжілісте жайылымды жақсартуға қатысты заң қаралып жатыр

Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламент депутаттары әзірледі. Заң жобасы Жер және Орман кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, - деп атап өтті мәжілісмен Берік Оспанов.

Белгілі болғандай, заң жобасы  жайылымдарды басқару және пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді мақсат тұтқан.

Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді пайдаланбау шаралары күшейтіліп, халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға арналған жайылымдарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады. Жайылымдарды басқару және пайдалану жөніндегі жоспардың мазмұны мен мерзімдері өзгертіледі, уәкілетті органдардың құзыреттері нақтыланады, шалғайдағы жайылымдарды суаруға және жайылымдарды түбегейлі және үстірт жақсартуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау арқылы жайылым пайдаланушыларды мемлекеттік қолдау нормалары қарастырылған, - деді депутат Оспанов.

Өзгелердің жаңалығы