Мәжілісте спортқа қатысты заң жобасына өзгерістер енгізілді

9 Желтоқсан 2020, 11:25
2182
Бөлісу:
Мәжілісте спортқа қатысты заң жобасына өзгерістер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды.

Заң жобасы қолданыстағы заңнаманы бұқаралық спортты дамыту және халықты, бірінші кезекте балаларды спортпен және дене шынықтырумен айналысуға барынша тарту бөлігі жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасында тұрғындарға арналған спорт үйірмелері мен секцияларын ұйымдастыратын спорт нұсқаушыларының штат бірліктерімен қамтамасыз ету көзделген. Сонымен қатар білім беру бөлімдерінде балалар мен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру даярлығы клубтарын ашу жөніндегі құзыреттер жергілікті атқарушы органдарға беріледі,- дейді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.
Одан бөлек, заң жобасының нормасында  дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерін кезең-кезеңімен құру, білім берудің барлық деңгейіндегі білім беру бағдарламаларына ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті шартты енгізу ұсынылады. 
Бұл нормалар дене шынықтыру және спорт саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасауға бағытталған нормалар енгізіледі. Барлық жас санаттары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың қамтуын 45 пайызға дейін ұлғайту, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғылықты жері бойынша бұқаралық спортты дамыту жөнінде халықпен жұмысты ұйымдастыру, спортшыларды медициналық бақылау үшін жағдай жасау ескерілген, - дейді министр.

Өзгелердің жаңалығы