Мәжілісте қазақы иттерге қатысты заң мақұлданды

30 Қараша 2022, 12:41
1405
Бөлісу:
Мәжілісте қазақы иттерге қатысты заң мақұлданды

Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. 

Заң жобасының негізгі мақсаты – иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу. 

Өзгерістер мен толықтырулар «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына енгізіліп отыр.

Заң жобасында негізгі ұғымдар, оның ішінде «ұлттық қазақы ит тұқымдары – бекітілген стандартқа сәйкес келетін қазақы тазы мен қазақы төбет» ұғымдары ашылды.

Заң жобасына сәйкес иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері иттердің ұлттық тұқымдарының таза тұқым тегінің сақталуын қамтамасыз етіліп, қорғалады. 

Ұлттық қазақы тұқымды иттері бар жеке және заңды тұлғалар оларды «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үй жануарларын есепке алу қағидаларында көзделген деректер базасында тіркейді.

Иттердің ұлттық тұқымдарын сақтау және өсімін молайту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін уәкілетті орган иттердің ұлттық тұқымдарының Ұлттық орталығы айқындалады деп отыр. 

Өзгелердің жаңалығы