Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды.
Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің айтуынша, хаттаманың аттаманың мақсаты – Каспий теңізінің жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластануын болғызбау, азайту, бақылау және барынша мүмкін болатын жою болып табылады.
Осыған орай, депутаттар Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне халықтың Каспий теңізін қорғау жөніндегі іс-шараларға қатысу тетіктері туралы мәселені қойды.
Палата Спикері бұл қоғамның Каспий теңізін қорғауға да, жалпы қоршаған ортаны қорғауға да қатысуының басты шарты екенін айтты.
Жалпы алғанда, Хаттамада ластану көздерін бақылау жөніндегі шараларға негізделген өңірлік және ұлттық бағдарламаларды немесе іс-қимыл жоспарларын қабылдау көзделеді.
Сондай-ақ Хаттамадағы ережелерді іске асыру Каспий теңізінің экологиялық сау теңіз ортасын қолдауға септігін тигізеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжілісте саяси лауазымды адамдардың қаржылық ашықтығына қатысты заң жобасы мақұлданғаны туралы жазған болатынбыз.