Мәжілісте депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді

1 Қыркүйек 2021, 15:32
5902
Бөлісу:
Мәжілісте депутат Нұрлыбек Ожаев ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі VII шақырылымының екінші сессиясының бірінші жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелген Нұрлыбек Ожаев ант берді.

Өздеріңіз білетіндей, өткен сессиясының соңында Нұрлыбек Ожаев Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен Мәжіліс депутаты ретінде тіркелді. Енді Конституцияның 1-бабының 6-тармағына сәйкес Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді, - деді Нығматулин.

Өз кезегінде депутат ел халқы алдында ант берді.

Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін, - деді Нұрлыбек Ожаев.

Ол Аграрлық мәселелер комитеті құрамына сайланды.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісі депутаты Азат Сембиновтың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол депутаттық міндеттерден өз еркімен босатылды.


Өзгелердің жаңалығы