Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды

19 Қазан 2022, 11:57
1039
Бөлісу:
Мәжілісте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды

Бүгін өтіп жатқан Мәжілістің жалпы отырысында «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Заң жобасы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының 2023 – 2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, бюджеттік параметрлері және Президенттің тапсырмалары негізінде әзірленген. 

Елдің 2023–2027 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы2021 жылғы ЖІӨ бойынша есептік деректер және 2022 жылдың нақтыланған бағалануы, әлемдік экономиканың өсуі бойынша халықаралық ұйымдардың болжамдары және тауар нарықтарындағы әлемдік бағалардың өзгеру үрдістері ескеріле отырып қалыптастырылды. 2023–2025 жылдарға  арналған республикалық бюджет жобасын дайындау кезінде базалық сценарий негізге алынды. ІЖӨ-нің нақты өсуі 2023 – 2025 жылдары 4,0 - 4,1 % деңгейінде болжанып отыр, - делінген құжатта. 

Осылайша, номиналды ІЖӨ 2023 жылы 120,7 трлн теңгеден 2025 жылы 146,5 трлн теңгеге дейін өседі деп болжануда. 

Жан басына шаққандағы ІЖӨ 2023 жылы 13,2 мың долларды құрайды. Ол 2025 жылы 15,6 мың долларға дейін ұлғаяды. Бағалау бойынша ағымдағы динамика сақталған жағдайда, мұнайдың орташа жылдық бағасы 2022 жылы бір баррель үшін 100 АҚШ долларынан асады. Болжамда орта мерзімді кезеңге бір баррель үшін неғұрлым консервативтік баға 85 АҚШ доллары алынған болатын. Ұлттық банк жылдық инфляцияның нысаналы дәлізін 2023 жылы 7,5-9,5%, 2024 жылы 4-5% шегінде айқындап отыр, ол кейіннен 2025 жылы 3-4 %-ға дейін төмендетіледі, - деді Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Құсайынов.

Заң жобасын депутаттар бір ауыздан мақұлдады. 

Өзгелердің жаңалығы