"Мәжіліске ризамын". Тоқаев депутаттардың жұмысына баға берді

6 Ақпан 2024, 15:45
415
Бөлісу:
"Мәжіліске ризамын". Тоқаев депутаттардың жұмысына баға берді
Фото: Ақорда

Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжілістің қазіргі жұмысы көңілінен шығатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ел Президенті ретінде депутаттардың жұмысын мұқият қадағалап отырмын. Шынымды айтсам, Мәжіліске ризамын. Шын мәнінде, ауқымды, маңызды жұмысты, ең алдымен халық үшін қажетті жұмысты абыроймен атқарып отырсыздар, - деп Тоқаев мәжілісмендерге ризашылығын білдірді.

Бүгін отырыста Мәжіліс депутаттары Үкімет басшысының лауазымына Олжас Бектеновтың кандидатурасына қатысты дауыс берген болатын. Кандидатураны Мәжілістің 69 депутаты қолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та AMANAT партиясы ұсынған кандидатураны қолдады. Осылайша Үкімет басшысы ретінде Олжас Бектенов тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы