Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Олар:
Экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыстық сипаттан арылту және заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
«Нысаналы капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулер;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы;
Биологиялық материалмен алмасу туралы келісімді ратификациялау туралы;
Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметі арасындағы Қазақстан мен Ресейдің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы.