Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәжіліс комитеттері мынадай жаңа заң жобаларын жұмысқа алды:
– бағбандық шаруашылық серіктестіктерін мемлекеттік қолдау мәселелері туралы;
– Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы;
– Қазақстан мен Армения үкіметтері арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы.
Мәжілістің комитеттері аталған заң жобаларына қорытынды әзірлейді.