Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды

Бөлісу:
Мәжіліс жаңа заң жобаларын жұмысқа алды
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаттары ратификациялық үш жаңа заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірнеше заң жобасын жұмысқа алды.

Олар:

– Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы хаттама;

– Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шарт;

– Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісім.

Өзгелердің жаңалығы