Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңды екінші оқылымда қарайды

8 Маусым 2024, 00:25
535
Бөлісу:
Мәжіліс тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты заңды екінші оқылымда қарайды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттардың талқылауына тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер екінші оқылымда ұсынылады. Үкімет оларды Мемлекет басшысының халықтың тұрғын үйге қолжетімділік мәселесін шешу туралы тапсырмасын орындау үшін әзірледі.

Жалпы отырыста депутаттар "Көлікті дамытуға және көлік саласындағы мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі туралы" Жоғары аудиторлық палата төрағасының есебін тыңдайды.

Сондай-ақ бірқатар халықаралық шартты ратификациялау туралы жаңа заң жобалары жұмысқа қабылданады.

Өзгелердің жаңалығы