Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке ретінде тойламауды мақұлдады

7 Қыркүйек 2022, 13:11
1248
Бөлісу:
Мәжіліс Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке ретінде тойламауды мақұлдады

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды,деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан айтты.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 маусымдағы Ұлттық құрылтай отырысында берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға мынадай түзетулер енгізді: 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау; 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу, - деді депутат. 

Әшімжан атағандай, сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар дауыс беру арқылы заң жобасын қолдады. 

Өзгелердің жаңалығы