Мәжіліс спикері: Қазақстан жаңа демократияға нық қадам басты

16 Қыркүйек 2022, 12:02
1676
Бөлісу:
Мәжіліс спикері: Қазақстан жаңа демократияға нық қадам басты

Бұл туралы бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Қос палатаның бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

Заң жобасын Сенаттың 50 депутатының 50-і, Мәжілістің 99 депутатының 98-і қолдап дауыс берді.

Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Біз сол ұзақ жолдың алғашқы қадамын бастадық, - деп атап өтті Мәжіліс төрағасы.

Айтуынша, бұған дейін бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституциялық реформа саяси жаңғырудың негізін қалаған. 

Ал бүгінгі қабылданған шешім сол реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады. Еліміз демократияға қарай нық қадам басты. Нық бағытта мемлекеттік құрылым түбегейлі өзгереді. Осылайша, біз әділетті қоғам құрып, ел байлығының халыққа теңдей бөлінуіне жағдай жасап, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, бейбіт те берекелі өмірдің орнығуын қамтамасыз етіп отырмыз, - деді Ерлан Қошанов. 

Өзгелердің жаңалығы