Мәжіліс спикері елорданың атауын өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді

2 Наурыз 2022, 13:00
1408
Бөлісу:
Мәжіліс спикері елорданың атауын өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Нұр-Сұлтан қаласы атауын «Астана» деп өзгертуге қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Нұр-Сұлтан қаласы атауын «Астана» деп өзгерту жоспарланып отыр ма? – деп сұрады журналистер спикерден кулуарда.

Күн тәртібінде мұндай сұрақ жоқ, - деп айтты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ журналистер депутаттар қаланың атауын өзгерту мәселесін өз бетінше көтеруді жоспарлап отыр ма деп сұрады.

Жоқ, көтермейді, - деп палата спикері қысқа жауап берді.

Өзгелердің жаңалығы