Мәжіліс республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады

1 Қараша 2023, 17:25
766
Бөлісу:
Мәжіліс республикалық бюджет туралы заңды мақұлдады
Фото: Арман Мухатов - Архив

Мәжіліс «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасын Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев таныстырды.

Заң жобасы елдің 2028 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. 2024 жылға арналған түсім 20,4 трлн теңге 
деңгейінде болжанып отыр. Трансферттерді есепке алмағанда, кіріс 16,1 трлн теңге немесе түсімнің жалпы сомасының 80% көлемінде жоспар бар, - деді Жамаубаев.

Келесі жылы Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тарту жоспарланып отыр, оның ішінде нысаналы трансферт - 1,6 трлн теңге.

Аталған қаражаттар әлеуметтік маңызы бар және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталады.

Бұл – автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау, инженерлік желілерді жаңғырту. Сондай-ақ ұлттық жобалар аясында жүздеген әлеуметтік объектілерді салу қарастырылған. Жалпы, бюджеттің 2024 жылға арналған шығыстары биылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн теңгені құрады, - деп атап өтті Қаржы министрі.

Бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімге 2,6% деңгейінде болжанады. Ол 2026 жылға қарай біртіндеп 2,3%-ке дейін төмендейді.

Жалпы республикалық бюджеттің басым бөлігі мемлекеттік және әлеуметтік міндеттемелерді толыққанды орындауға, өңірлерді дамытуға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы