Мәжіліс қашан тарайтыны айтылды

23 Қараша 2022, 16:47
3747
Бөлісу:
Мәжіліс қашан тарайтыны айтылды

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы жақында өз сөзінде Үкіметті таратпайтынын айтқан болатын. Алайда алда Парламент сайлауы күтіп тұр. Осыған байланысты Мәжіліс спикері нақтылап өтті. 

Президент бүкіл электоралдық цикл туралы жариялады. Парламент сайлауы келесі – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Бұл туралы Президент жариялайды. Сайлаудан соң жаңа Үкімет жасақталады. Нақты қай кезде екендігіне қатысты Мемлекет басшысы айтады, - деді Ерлан Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында. 

Айтуынша, 2023 жылы Мәжіліс таратылады. 

Келесі жылдың бірінші жартысында Мәжіліс таратылады. Жаңа Мәжілісксайланады. Содан кейін Үкімет ауысады, ауысқанда жаңа Үкімет жасақталады. Осы Үкімет қала ма, басқа Үкімет бола ма, ол шешімді Президент өзі қабылдайды, - деп түсіндірді Мәжіліс төрағасы. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент палатасының спикері Ресейдің мемлекеттік телеарнасындағы бағдарламалардың бірінде айтылып, қоғамның талқысына түскен мәселеге қатысты пікірін білдірген болатын. Аталған мәселеге қатысты қажет болса Мәжіліс отырысын өткізетінін айтқаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы