Мәжіліс прокуратура туралы конституциялық заң жобасын мақұлдады

7 Қыркүйек 2022, 13:00
1356
Бөлісу:
Мәжіліс прокуратура туралы конституциялық заң  жобасын мақұлдады

Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурордың  орынбасары Әсет Шындалиев «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы жөнінде баяндады, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Заң жобасы Президенттің 2022 жылғы 29 наурыздағы № 847 Жарлығымен бекітілген 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауды іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспардың 18-тармағына сәйкес әзірленді.Заң жобасы мынадай міндеттерге қол жеткізуге арналған.Мемлекет басшысының азаптаумен байланысты қылмыстарды  тергеп-тексеруде жүйелі тәсілді енгізу туралы тапсырмасы заңнамалық деңгейде іске асырылады, - деді Шындалиев. 

Прокуратураның елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші рөлін арттыру, прокуратура органдарының, оның ішінде әскери және көлік прокуратураларының өкілеттіктерін, міндеттері мен құзыретін қайта қарау жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні қолданыстағы заңнама прокуратура органдарының әлеуетін толық көлемде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан тексерулер жүргізу және тағайындау тәртібін қайта қарау, төмен тұрған прокурорлардың дербестігін күшейту прокурорлық тексерулер аясында аудиторларды, мамандарды, сарапшыларды тарту тәртібі қажеттілігі туындайды. Бұдан басқа 2021 жылғы 26 ақпанда қабылданған «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жаңа тұжырымдамасы прокуратура органдарының халықпен, құқық қорғау институттарымен, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу тәсілдерін тиісінше қайта форматтауды және қайта қарауды талап етеді, - деді ол. 

Шындалиев атағандай, сондықтан заң жобасының ережелерінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау жөніндегі прокуратураның құзыретін бекіту ұсынылады.

Тағы бір маңызды фактор ҚР Бас Прокурорының өкілеттіктерін нақтылауды көздейтін конституциялық бақылаудың жаңа институттарын енгізу. Атап айтқанда, Конституциялық Соттың құрылуы Бас Прокурордың Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы және Негізгі заңның ережелеріне ресми түсіндірме беру туралы өтінішхат беру құқығын беру қажеттілігін талап етеді, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы