Мәжіліс Конституциялық сот туралы заң жобасын мақұлдады

7 Қыркүйек 2022, 10:40
1365
Бөлісу:
Мәжіліс Конституциялық сот туралы заң жобасын мақұлдады

Әділет министрі Қанат Мусин Мәжілістің жалпы отырыысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заңының жобасы туралы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Конституциялық заң жобасы Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы 
«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын және Конституцияға енгізілген түзетулерді іске асыру мақсатында әзірленді, - деді Мусин. 

Конституциялық заң жобасының мақсаттары Конституциялық кеңесті конституциялық сотқа қайта құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, Негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету және азаматтардың конституциялық бақылауға қолжетімділігін кеңейту.

Өздеріңіз білетіндей, Конституциялық Соттың құзыреті Конституцияның 72-бабымен тікелей реттеледі. Мәселен, Конституциялық соттың құзыретіне сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру жатқызылған. Яғни, Конституциялық Кеңестің барлық қолданыстағы функциясы Конституциялық сотқа берілді, - деді ол. 

Заң жобасын депутаттар дауыс беру арқылы бірінші оқылымда мақұлдады. 

Өзгелердің жаңалығы