Мәжіліс Халық Кеңесіне қатысты заңды жұмысқа алды

Халық Кеңесіне қатысты заң.

Бүгiн 2026, 09:38
АВТОР
 Мәжілістің баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 09:38
Бүгiн 2026, 09:38
109
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс «Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров, Аманжол Әлтай және Наталья Дементьева кірді.

Сонымен қатар, Мәжіліс бірқатар басқа заң жобаларын жұмысқа қабылдады:

– Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы;

– Қазақстан мен Сингапур арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы;

– Халықаралық жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты туралы конвенцияны және оған қосымша электронды жүкқұжатқа қатысты Хаттаманы ратификациялау туралы.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы наурызда Негізгі заң ережелерін іске асырудың негізгі бағыттары мен шараларын айқындайтын Жарлыққа қол қойған болатын. Парламенттің қарауына бес жаңа конституциялық заң енгізілді – Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі туралы, сондай-ақ елорда мәртебесі мен елдің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы. Бұдан бөлек, тағы сегіз конституциялық заңды және іргелі кодекстерді қоса алғанда, 60-тан астам заңды жүйелі түрде редакциялау қажет болады.

Сарапшылардың пікірінше, жаңадан құрылатын Халық Кеңесі институты Қазақстанның жаңарған саяси жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Мамандар бұл қадамды елді басқару ісіне қоғамның қатысуын күшейту механизмі деп санайды.

Саяси тұрғыдан алғанда, Халық Кеңесінің рөлі - мемлекет пен қоғамның, түрлі әлеуметтік және этномәдени топтардың арасындағы алтын көпірге, сондай-ақ ауқымды институционалдық өзгерістер кезеңінде кері байланыс арнасына айналу. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі жоғары консультативтік орган болуы тиіс екенін және оған заң шығару бастамасы құқығын беру керектігін қадап айтқан еді. Яғни, оның функциясы тек талқылаумен шектелмейді: ол күн тәртібін қалыптастыруға ықпал етіп, нақты шешімдер ұсынуы тиіс, - дейді «Еуразиялық мониторинг» орталығының директоры Әлібек Тәжібаев.

Наверх