Мәжіліс депутаты Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесті

7 Қаңтар 2024, 10:17
650
Бөлісу:
Мәжіліс депутаты Алматы қаласының кәсіпкерлерімен кездесті
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Нұртау темір» зауытында санэпидбақылау саласындағы тәсілдердің өзгеруіне байланысты жабылып қалу қаупі төніп тұрған алты кәсіпорын басшыларымен өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекеттік органдар бір жағынан кәсіпорындардың санитарлық аймағында тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салуға рұқсат берсе, екінші жағынан Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа бұйрығы негізінде зауыттарға санитарлық аймақтарды сақтау талаптарын күшейтеді. Соның салдарынан бюджетке миллиардтаған салық төлеген 200-ден 700-ге дейін адамды жұмыспен қамтып отырған адал өндірістер қазір барлық сотта жеңіліп, жабылу алдында тұр. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің аталған бұйрығы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның бірқатар нормаларын тікелей бұзатыны анықталды. Атап айтқанда, салалық заңда белгіленген талаптарға бағынбай, өткен кезеңде орнатылған қатынастардың кері күші жоқтығын елемейді, – деді А.Перуашев.

«Ақ жол» фракциясы аталған кәсіпорындардың заңды құқығын қорғау үшін бұл бұйрыққа наразылық білдіру талабымен Бас прокурорға жүгінеді деп келісті.

Одан кейін Индустриалды-инновациялық даму альянсының жетекшілерін қабылдады. Альянс төрағасы, «Дольче-фарм» фармацевтикалық компаниясының иесі Елена Ли, энергетика, жеңіл өнеркәсіп, көлік және логистика, стандарттау салалық комитеттерінің жетекшілері және басқалар экономикалық даму проблемалары туралы өз көзқарасын білдірді. Өндірісті верификациялау, контрафактілік өніммен күресу, ШОБ өнімінің экспортына жәрдемдесу, салық даулары (мәмілелерді жарамсыз деп тану), өндірісті жаңғыртуға мемлекеттік қолдау көрсету және т.б. мәселелер көтерілді. «Химфарм» компаниясының өкілі биыл 1 қаңтардан бастап этил (медициналық) спиртіне акциз салығы енгізілгенін сынға алып, бұл барлық фармацевтикалық өнімдер бағасының қымбаттауына әкелетінін атап өтті.

Медициналық спирт алкоголь немесе бензин емес, оны асып-тасқаннан емес, мұқтаж болғасын қолданады. Пандемия кезінде дезинфекция заттарының жаппай өндірілуіне байланысты этил спиртін қолдану күрт өсті, ал, салық органдары осыдан ақша табу керек деп шешті, – деп наразы болды фармацевтер.

Кәсіпорындар да ірі жобаларға жергілікті қамту талаптарын белгілеу, сондай-ақ олардың отандық бизнестің қатысуымен жүзеге асырылуын бақылау мәселесін көтерді.

Сондай-ақ, мүгедек-кәсіпкерлер қауымдастығы (Ернар Сәрсеев) мүгедек талапкерлерге бірінші сәтсіз оқу жылынан кейін келесі жылдары жоғары оқу орындары мен колледждерде оқуға грантқа түсу үшін ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігін беру туралы ұсыныстарын айтты.

Сонымен қатар сабаққа қатыса алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін IT саласы сияқты және т.б. мамандық бойынша сырттай оқытуға грант бөлу қажет.

Ұсыныстың барлығы ескерілетінін жеткіздім. Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту жөніндегі талаптарға келсек, «Ақ жол» фракциясы заңнамаға мұндай түзетулер енгізуге бірден бастамашылық етпек, – деді депутат.

Одан әрі депутат қауымдастық басшысы Ербол Омарханов бастаған жетекші микроқаржы ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Кәсіпкерлер қарыз жүктемесін азайтуға қатысты заң жобасына өз ұсыныстарын жеткізді.

Атап айтқанда, кепілі бар несиелерді тұтынушылық несиелер санатынан алып тастауды ұсынып отыр. Ең алдымен, әңгіме автонесие туралы. Мәселен, автокөлік сатып алуға берілген несиелер барлық шағын несиелер көлемінің 42 пайызын құраса, соның ішінде мерзімі өткен несиелердің үлесі 1 пайыздан аз. Сонымен қатар қарыз алушының қажет болған жағдайда мұндай несиені өтеуіне еш кедергі жоқ, өйткені көлік өтімді кепіл. Одан бөлек, автокөлік түріндегі кепілді жоғалту мүмкін емес, өйткені мұндай сатып алу ұрлықтан, жазатайым оқиғалардан және т.б. міндетті сақтандыруға жатады.

Екінші жағынан, заң жобасында ұсынылған мұндай несиелеудің көлемі мен шарттарына шектеу автокөлік сатып алу көлемін 60 және одан да көп пайызға қысқартуы мүмкін. Автокөлік паркінің ескіруі, сондай-ақ қолжетімді автокөліктер нарығында отандық өндіріс үлгілерінің жетекші рөлі жағдайында мұндай зардап халық үшін де, қазақстандық кәсіпорындар үшін де жағымсыз болмақ.

Сондай-ақ, сала өкілдері заң жобасындағы бұрын төленбеген несиесі болған жағдайда екінші шағын несие алуға тыйым салуға қарсы шықты.

Біреу 10 мың теңгені алды да, екінші рет тағы 10 мыңды ала алмайды. Ал біреу бір мезетте 5 миллион несие алады. Қайсысының қайтарылмау қаупі көп? Әрбір мұндай өтінім жеке қаралуы керек, себебі, жеке адамға және нақты жағдайға байланысты. Шешімді өз ақшасын тәуекелге байлаған несие берушінің өз еркінде қалдырған дұрыс деп есептейміз, – дейді олар.

Клиенттің қарызын 24 айға дейін коллекторларға өткізбеу, өсімпұлды жою және т.б. сияқты шектеулер. Микроқаржы ұйымдары өкілдерінің пікірінше, жұмыс істемейтін несиелер бойынша лимиттердің асып кетуіне әкеп соғып, бизнесті жоюға мәжбүр етеді.

Бизнес қарыз жүктемесінің азаюы заңды несиелеуді шектеумен ғана емес, сонымен қатар, несиелер құнының (пайыздың) азаюымен, оның ішінде микроқаржы ұйымдарының өздері үшін де, сондай-ақ елдің табыстылығын арттырып, жұмыспен қамтудың ұлғаюымен байланыстыру керек деп санайды.

Заң жобасы авторларының бірі, вице-спикер, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Дания Еспаеваның қатысуымен таяу уақытта тақырыпты талқылауды жалғастыруға келісті.

Өзгелердің жаңалығы