Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

12 Қыркүйек 2022, 21:21
2427
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Конституциялық Кеңеске жолданды

Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсынысына байланысты республика Президентінің өтініші іс жүргізуге қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Қонституциялық Кеңестің ресми сайтына сілтеме жасап.

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың Парламент Мәжілісі депутаттарының ұсыныстарына байланысты әзірленген «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заңның жобасын Конституцияның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан қарау туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.

Конституциялық Кеңестің шешімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы