Мәжіліс депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын талқылайды

29 Қаңтар 2021, 12:38
1537
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жобасын талқылайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

Бюро отырысында депутаттар қарауына аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері туралы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылды.

Құжат жергілікті мемлекеттік пен өзін-өзі басқаруды дамытуға, оның ішінде жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешу жеделдігін арттыру үшін жергілікті билік органдарына қосымша функциялар мен кіріс өкілеттіліктерін беруге бағытталған.

Сонымен қатар, депутаттарға ұсынылған күн тәртібінің жобасында бірқатар ратификациялық заң жобасы бар. Олар: суға батып кеткен кемелерді жою туралы 2007 жылғы Найроби халықаралық конвенциясын ратификациялау туралы және Қазақстан мен Болгария арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы.


Өзгелердің жаңалығы