Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

7 Сәуір 2022, 15:00
1674
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» фракциясының мүшелері  Аманғали Бердалин мен Ғалымжан Елеуов іс-сапармен Ақтөбе облысында болып, тасқын судан зардап шеккен жерлердің және тұрғындардың жағдайымен танысты. 

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәжіліс депутаттары азаматтарды мектеп ішінде уақытша ашылған эвакуациялық пункте қабылдады.

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті
Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Біз Ақтөбе өңіріндегі жағдайды өз көзімізбен көріп, зардап шеккен тұрғындармен кездесу үшін елордадан арнайы келдік. Жергілікті атқарушы органдармен үнемі байланыстамыз. Зардап шеккен отбасыларға тиісті көмек көрсетіледі. Бұл жағдай Мәжіліс депутаттарының жіті бақылауында болады, - деді Аманғали Бердалин.

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Сондай-ақ депутаттар өз атынан жүк көлігімен азық-түлік, балалар тамағы, киім-кешек және дәрі-дәрмек сынды аса қажетті керек-жарақтар бойынша гуманитарлық көмек жеткізді. Орын алған жағдайға байланысты халықты сабырға шақыра отырып, Үкіметпен, жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, тиісті шаралар қолға алынатынын айтты.   

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Депутаттар Ақтөбе, Сазды, Қарғалы су қоймаларында болып, тасқын шайып кеткен нысандарды аралап, қалпына келтіру, алдын алу мәселелерін талқылады.  

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті

Халық қалаулыларына берілген алдын ала ақпаратқа сүйенсек, су тасқыны басталған мерзім ішінде Ақтөбе облысы бойынша барлығы 119 үйді су басқан. Соның ішінде 41 тұрғын үй,  78 саяжай. 300-ден астам адам апаттан құтқарылып, қауіпсіз жерлерге көшірілді. 

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетті
Өзгелердің жаңалығы