Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралады

21 Наурыз 2022, 17:32
1747
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс депутаттары Қайнар Абасов, Берік Бекжанов, Сырым Ертаев және Ғани Ташқараев Түркістан облысындағы су алған елдімекендерге барды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атап айтқанда, Мақтаарал ауданында нөсер жауынның салдарынан ауданның 16 елдімекенде су деңгейі көтерілген. «Қазгидромет» мәліметінше, 11-18 наурыз аралығында жауын-шашынның мөлшері 87,7 мм болды, ал орташа айлық нормасы 51 мм құрайды. Осының салдарынан Сырдария өзенінің, жер асты су деңгейі көтерілген. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының айтуынша, Сырдария өзенінің деңгейі соңғы аптада үш еседен асқан. Шардара су қоймасында 5 млрд. м3 су жиналып, Сырдария өзенінің арнасымен Қызылорда облысының және «Көксарай» контррегуляторына су ағызылуда. 

Мәжіліс депутаттары су алған елдімекендерді аралады

Төтенше жағдайлар мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде су тасқынының салдарын алдын алды. 

Депутаттар сапар барысында дренаждық коллектордың, су тасқынының зардаптарын жою жұмыстарымен таныстып, апат салдарын жою жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысып, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Қайнар Абасовтың айтуынша, өңірде көтерілген негізгі мәселелер – тік дренаждардың тапшылығы және жер асты суларын ағызуға арналған көлденең дренаждардың нашар жағдайына байланысты жер асты суларының жоғары деңгейі. Сондай-ақ «Қазводхоз» филиалында тік дренаждарды күтіп ұстауға және жөндеуге қаражаттың жоқтығы. Мекеменің электр қуатының қаржысын төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Су тасқынынан болған залалды жою жұмыстары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырып, коммерциялық кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіруге қаржы қарастырылмаған.

Өз кезегінде, депутаттар аталған мәселелерді ерекше бақылауға алып, Парламентте талқылайтындарын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы