Мәжіліс депутаттары референдум туралы заң жобасын қарауға алды

4 Мамыр 2022, 10:22
1655
Бөлісу:
Мәжіліс депутаттары референдум туралы заң жобасын қарауға алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша қорытынды әзірлейді.

Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов осы мәселе бойынша комитет қорытынды әзірлеуге дайын екенін жеткізді.

Бұл Конституциялық заң жобасын Республикалық референдум өткізу кезінде пайдаланатын бюллетень нысандарын сайлауда қолданылатын сайлау бюллетеньдермен біріздендіру мақсатында Парламент депутаттары әзірледі. Заң жобасы республикалық референдум өткізу кезінде бюллетеньдерге қойылатын талаптарды регламенттейтін ережені қамтиды, - деді Арман Қожахметов.

Сөзінше, бұл дауыс беру рәсімін жүзеге асыру процесінде азаматтарға қолайлы жағдай жасайды.  

Комитет заң жобасын жұмысқа алуға дайын. Қолдауларыңызды сұраймыз, - деді депутат.

Депутаттар осы мәселе бойынша қаулыны қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы