Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды

15 Қараша 2023, 10:23
367
Бөлісу:
Мәжіліс бірнеше заң жобасын жұмысқа алды
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу үшін жұмысқа алды.

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев заңның негізгі мақсатын түсіндірді.

Заң жобасында көзделген өзгерістер: спорттық жылқы шаруашылығына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету, спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымын сақтау және оның елдегі популяциясының өсуі үшін жағдай жасауға, ұлттық ат спорты түрлерін дамытуды, қазақ халқының мәдениетін, дәстүрлері мен өмір салтын насихаттауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді депутат.

Сонымен қатар Мәжіліс депутат Асхат Аймағамбетов мақсатын оқып берген «Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын жұмысқа алды.

Өзгелердің жаңалығы