Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге қатысты заң жобасын мақұлдады

22 Желтоқсан 2021, 10:25
1427
Бөлісу:
Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге қатысты заң жобасын мақұлдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге қатысты заң жобасын жұмысқа алды.

Депутат Арман Қожахметов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша қорытынды әзірледі.

Бұл заң жобасының мақсаты – атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердегі олқылықтарды, қарама-қайшылықтарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін нормаларды жою, - деді Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Сөзінше, заң жобасы мынадай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

- Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуі аяқталған кезде алдыңғы жеке сот орындаушылары шығарған мәжбүрлеу шаралары туралы барлық қаулының күшін жою міндетін белгілеу;
- Жеке сот орындаушыларының атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулының көшірмесін жіберу және мәжбүрлеп орындау шаралары туралы хабарлама жіберу міндетін белгілеу.

Комитет заң жобасын жұмысқа алуды ұсынды.

 

Өзгелердің жаңалығы