Мажарстанмен ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды – СІМ

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін&nbsp; Венгрия-Қазақстан арасындағы стратегиялық кеңесінің бесінші отырысы өтті.&nbsp;</h4>

 26 Қазан 2021 2021, 14:08
26 Қазан 2021 2021, 14:08
17155

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Венгрия-Қазақстан арасындағы стратегиялық кеңесінің бесінші отырысы өтті. 

Аталған іс-шарада екі ел эпидемиологиялық жағдай мен экономика, білім беру және мәдени ынтымақтастық бағыттарын талқыланды. 


Біз өзара тиімді ынтымақтастықты, ең алдымен экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдету, сондай-ақ екіжақты сауданы ұлғайту арқылы оны одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өттік. Ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды, -деді Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді. 

Сонымен қатар министрдің айтуынша, конференция барысында Мажарстан мемлекетімен ауыл шаруашылығы, энергетика, «жасыл экономика», денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Наверх