Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобус 7 айдан кейін табылды

Бүгiн, 09:52
884
Бөлісу:
Майқайыңдағы шұңқырға құлаған автобус 7 айдан кейін табылды
Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа-райына қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізілуде.

Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі таңда көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді. 55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз, – дед Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Майқайыңда жоғалған құтқарушының мәйіті 7 айдан кейін табылғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы