Майқайыңдағы апат: Жаңа мәліметтер белгілі болды

20 Қаңтар 2024, 18:43
4394
Бөлісу:
Майқайыңдағы апат: Жаңа мәліметтер белгілі болды
Фото: Павлодар облысы ТЖД

«Майқайыңалтын» АҚ аумағында топырақтың құлау қаупі сақталып отыр. Құтқарушылар өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шағын көлемді экскаватормен шұңқырдан шамамен 850 текше метр көлемінде топырақты қайта экскавациялау жұмысы жүргізілді. Бұл екінші экскаватордың жұмыс істеу кеңістігін кеңейтуге мүмкіндік берді. 20 қаңтарда барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, 2 бульдозердің көмегімен тік және көлденең сақтану шарасын қолдана отырып, машинистпен екінші шағын экскаватор іске қосылды. Оның көмегімен үлкен көлемді тастар мен тау жыныстары автобустың болжамды орнынан алынады, - делінген Павлодар облысы ТЖД таратқан хабарламасында.

Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқыр түбіндегі екі экскаваторшы мен басқа да мамандардың жұмысын сақтандыруды және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. 

Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жанармай, тамақ, маркшейдерлер, сондай-ақ табылған заттарды көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сканерлеу арқылы шұңқырдың шетінен тастардың қозғалысы мен құлауын бақылау тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, экскаваторлардың бағытын үйлестіру үшін шұңқырдың түбін гесканизациялау жүргізілді. Жұмыс нөлден төмен температурамен және топырақтың үнемі қозғалу және сырғуымен қиындауда, құлау қаупі бар. Іздеу жұмыстарына барлығы 147 адам, 45 техника, 3 кинологиялық есеп және 2 ұшқышсыз ұшу құрылғысы жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлаған болатын.

Сол күні ТЖД құтқарушылары қайтыс болған екі адамның денесін тауып, жер бетіне көтерді.

Өзгелердің жаңалығы