4 қаңтардан бастап «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шұңқырдың түбіндегі шағын экскаватормен қатар гидравликалық балғасы бар екінші қосымша экскаватор жұмыс істеп жатыр. Оның көмегімен үлкен тастар ұсақталып жатыр. Мен қазір оқиға орнындамын. Бүгінгі жұмыс барысында құтқарушылар автобустың дөңгелегіне жетті, - деп жазды Павлодар облысының әкімі Асайын Байқанов.
Қазіргі уақытта бұл шұңқырға құлаған автобустың ең үлкен бөлігі. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлаған болатын.
Сол күні ТЖД құтқарушылары қайтыс болған екі адамның денесін тауып, жер бетіне көтерді.
Еске сала кетсек, «Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы авария салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия нәтижелерін жариялаған болатын. Адамдар мінген автобус жер астына кеткені туралы Бас прокуратура мәлімдеме жасаған болатын.