Майқайыңда төтенше жағдай. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр

26 Ақпан 2024, 15:26
452
Бөлісу:
Майқайыңда төтенше жағдай. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр
Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Барлығы 143 адам және 60 мамандандырылған техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су құбырының әрбір учаскесінде мамандар құбырдың қатып қалуы мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізіледі. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмір және ағаш шпалдарды жағу арқылы жылытып жатыр.

Қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде (жер асты және жер үсті құбырлары). Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4,1 шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 м3. Резервуарларда тұрақты түрде тәулікке жеткілікті су қоры бар. Резервуарды тұрақты түрде толтыру қамтамасыз етілуде. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған, - делінген хабарламада.

Жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты "Богатырь-Көмір" АҚ-на су беру уақытша тоқтатылды. Бұл ретте көмір өндірісі зардап шеккен жоқ, өйткені, оған судың қажет жоқ. Ал, кәсіпорынның шаруашылық қажеттіліктері үшін су жеткізілуде.

Сумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша жұмыстар орын алған ақау толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады.

Майқайың кентінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы