Майқайыңда төтенше жағдай жарияланды

24 Ақпан 2024, 21:42
15025
Бөлісу:
Майқайыңда төтенше жағдай жарияланды
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Майқайың кентінде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, Асайын Байханов Майқайың кентіндегі d 1020 мм суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді.

Жергілікті жерде жұмыстар жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 бірлік мамандандырылған техника жұмылдырылған. Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде қатып қалу мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмірмен және ағаш шпалдармен жылыту жүргізілуде.

Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 метр кубты құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған.

Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады, - делінген әкімдіктің хабарламасында.

Еске сала кетейік, 21 ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентінде суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Жағдайға байланысты жедел штаб ұйымдастырылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы