«Майқайыңалтын» АҚ кен байыту комбинаты қайта іске қосылды

2 Наурыз 2024, 23:39
393
Бөлісу:
«Майқайыңалтын» АҚ кен байыту комбинаты қайта іске қосылды
Фото: Павлодар облысы әкімдігі

«Майқайыңалтын» АҚ-ның кен байыту комбинаты кен айыру жұмыстарын қайта бастады. Кәсіпорын бойынша 750 адам жұмысқа қайта шыққан. Бұл туралы BAQ.KZ KAZINFORM-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Комбинатқа қажетті шикізат 100 шақырым жерден тасылып жатыр.

Акционерлік қоғамның бас директоры Қуаныш Ботин жалпы саны 750-дей адам тұрақты жұмысқа шыққаны туралы ақпаратты растады.

Шикізатты Баянауыл ауданы аумағында орналасқан Сувенир кен орнынан таси бастадық. Ол жер біздің комбинаттан 100 км қашықтықта орналасқан. Кенді жүк көліктерімен тасимыз. Кен орнымен жасалған шартта көрсетілген шикізат біздің комбинаттың жұмысын 2 айға қамтамасыз етеді. Бастысы, қызметкерлеріміз өз жұмыс орындарына қайта оралды, - деді Қ.Ботин.

Ал кәсіпорындағы кеніштің 150-ден астам шахтері әзірше мәжбүрлі демалыста қала береді.

Өзгелердің жаңалығы