Маймыл шешегі кімге қауіпті

30 Маусым 2022, 21:46
1704
Бөлісу:
Маймыл шешегі кімге қауіпті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегіне шалдығуы мүмкін қауіпті топтарды анықтады, деп хабарлады «Хабар 24». 

Мамандардың айтуынша, инфекция жұқтыру қаупі жоғары топқа жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіз адамдар мен балалар кіреді. Бүгінде індет әлемнің 50 елінде анықталған. Эпидемиологтар вирустың тез тарап жатқанына алаңдап отыр. Жағдайдың ушығуына байланысты тесттердің санын арттыру керек дейді дәрігерлер. 

Төтенше жағдай бойынша комитет індеттің ушығуы қоғамдық денсаулық сақтау саласына халықаралық қауіп төндірмейтінін айтса да, мамандар аурудың жер жаһанға таралмауы үшін шұғыл әрекет ету керек дегенді алға тартады. Егер жағдай қиындай түссе, комитет отырысын қайта өткізу керек деген ұсыныс білдірді, - деді ДДСҰ басшысы  Тедрос Адханом Гебрейесус.

Өзгелердің жаңалығы