Майк Тайсон рингке қайта оралады

Бүгiн, 07:50
231
Бөлісу:
Майк Тайсон рингке қайта оралады
Фото: Instagram/miketyson

58 жастағы әйгілі боксшы Майк Тайсон 2005 жылдан бері алғаш рет кәсіби рингке қайта оралатанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күздегі жекпе-жекте оның қарсыласы видеоблогер Джейк Пол болады деп күтілуде.

Сегіз раундтан тұратын жекпе-жек 15 қарашада Техаста өтеді деп белгіленген. Сол үшін арнайы 80 мың адам сыятын AT&T Stadium стадионы дайындалып жатыр. Бұл туралы промоутерлік компания мәлімдеді.

Жуырда Нью-Йоркте қарсыластырдың көз түйістіруі өтті.

Қазір Майк Тайсонның жасы 58-де. Ол кәсіби мәнсабын 2005 жылы аяқтап, содан бері екі көрмелік жекпе-жек қана өткізген.

Өзгелердің жаңалығы