Мәйітін өртеп жіберген. Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқандар туралы айтты

4 Сәуір 2022, 16:23
2142
Бөлісу:
Мәйітін өртеп жіберген. Қилымжанов қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқандар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Адамдардың қаза болу деректерін зерттеу жалғасуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласында, Алматы облысы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқан 19 әскери қызметтегі және болашақ офицерлердің қаза болу деректері анықталды, - деді ол. 

Қилымжанов Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратын күзеткен подполковник Хайыровтың қазасы туралы айтты. 

Мәселен, оның өлімі кезінде ерекше цинизм көрініс тапты. Оның мәйіті ғимараттың төбесінен табылды. Тергеу көрсеткендей, зорлық-зомбылықпен өлген қызметкердің денесін өртеп жіберген. 39 жастағы сарбаздың отбасы мен 2 кәмелетке толмаған баласы қалды, - деді Қилымжанов. 

Ол сондай-ақ «Көктөбе» мұнарасын басып алу кезінде қылмыскерлер стратегиялық нысандарды қорғаған 3 қызметкер оқтан қаза тапқанын айтты. 

Өзгелердің жаңалығы