Майдан авиациясының экипаждары күндізгі және түнгі оқу-жаттығуларын орындауда

10 Ақпан 2022, 22:25
1503
Бөлісу:
Майдан авиациясының экипаждары күндізгі және түнгі оқу-жаттығуларын орындауда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әуе қорғанысы күштерінде жауынгерлік оқу жоспарлы түрде жалғасып келеді. Ұшу экипаждары, инженерлік-техникалық құрам, қамтамасыз ету бөлімшелері күндізгі және түнгі ұшуларды орындау кезіндегі шеберліктерін шыңдауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Барлық шара ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін арттыруға бағытталып отыр.     

Қарағанды авиациялық базасында өткен ұшу жаттығуларына Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов тікелей басшылық етті. 

Майдан авиациясының экипаждары күндізгі және түнгі оқу-жаттығуларын орындауда

Қазіргі заманғы Су-30СМ көпмақсатты жойғыштарын тақымдаған ұшқыштар ұшу техникасын, төмендеп және биіктеп ұшуда әуе навигациясын, түнде құрылғыларды қолдану арқылы ұшып-қонуды, екінші айналымға ұшу-қону жолағының үстінен ұшып өтуді пысықтады. 

Одан бөлек, ұшу құрамын оқытудың бірыңғай әдістемесі,  экипаждардың өзара іс-әрекеті және нұсқаушы ретінде экипаждардың жас командирлерді дайындауы да пысықталды. 

Жауынгерлік даярлықтың ендігі кезеңінде ұшқыштар құрамына күрделі ауа-райында ұшу жүктеліп отыр.

 

Өзгелердің жаңалығы