Май ауданында баспанамен қамту көрсеткіші 2 есеге артты

16 Қыркүйек 2022, 06:36
761
Бөлісу:
Май ауданында баспанамен қамту көрсеткіші 2 есеге артты

2021 жылы аудан бойынша 5 мың шаршы метр енгізілген, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы аймақ басшысы аудан тұрғындарымен кездесу барысында айтты.

Ал биыл 5,3 мың шаршы метрді пайдалануға беру жоспарда бар. Бұл – 1992 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш. Май ауданы тұрғын үйді іске қосу көлемі бойынша аудандар арасында екінші орында тұр. 2021 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан 49 адам тұрғын үй алса, 2022 жылы бұл көрсеткіш екі есе ұлғайды, - деді аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов  аудан тұрғындарымен кездесу барысында.

Өзгелердің жаңалығы