Маусым айында қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберді

5 Тамыз 2022, 04:37
1226
Бөлісу:
Маусым айында қазақстандықтар шетелге 104 млрд теңге жіберді

Ұлттық банктің мәліметінше, жаздың алғашқы айында Қазақстаннан 104 миллиард теңгеге 263 мыңнан астам транзакция жасалған. Валюта бойынша аударымдардың негізгі үлесі доллармен жүзеге асырылды (52,8%).

Ақшаның басым бөлігі Өзбекстанға аударылған. Мәселен, маусым айында бұл елге 36,2 миллиард теңгеден астам қаржы жөнелтілді.
Одан кейінгі орында Ресей – 22,5 млрд теңге, Түркия – 20,7 млрд теңге, Грузия – 7,8 млрд теңге, Қырғызстан – 4,8 млрд теңге және Қытай – 3,3 млрд теңге. Ең аз қаражат Арменияға – 1,6 млрд теңге және Украинаға 859,8 млн теңге жіберілген.

Ал Қазақстанға шетелден 92 млрд теңгеге жуық сомаға 176,3 мың транзакция жасалды.

Өзгелердің жаңалығы