Маунтинбайктан әлем кубогінің бес кезеңі бір айда өтеді

17 Мамыр 2020, 13:28
1512
Бөлісу:
Маунтинбайктан әлем кубогінің бес кезеңі бір айда өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) кейінге шегерілген жарыстар кестесін қайта жариялауда. Мәселен, маунтибайктан әлем кубогінің бес кезеңін бір айда өткізу туралы шешім қабылданды деп жазады Olympic.kz. 

Кросс-кантри бойынша әлем кубогі кезеңі 5-6 қыркүйек күндері Швейцарияның Ленцехард қаласында басталып, 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Чехияның Нове Места қаласында аяқталады. Сондай-ақ, 26-28 қазан күндері өтуі тиіс әлем чемпионаты кейінге шегерілді. 

Маунтинбайк. Кросс-кантриден әлем кубогі:  5-6 қыркүйек - Ленцерхайде, Швейцария 12-13 қыркүйек -  Вадь ди Соле, Италия 19-20 қыркүйек - Ле Ге, Франция 29 қыркүйек – 4 қазан - Нове Место, Чехия.

Өзгелердің жаңалығы