Мәулен Әшімбаев зардап шеккен 800 мың кәсіпкер туралы айтты

4 Желтоқсан 2020, 10:50
52717
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев зардап шеккен 800 мың кәсіпкер туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пандемияның шағын және орта бизнеске қалай әсер еткенін айтты.

Пандемия бірқатар салаға, оның ішінде шағын және орта бизнеске де өз зардабын тигізді. Көлік, сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, қонақ үй және жылжымайтын мүлік бизнесі айтарлықтай шығынға ұшырады.
Қолдағы бар деректерге сүйенсек, пандемиядан кем дегенде 800 мың отандық кәсіпкер зардап шеккен.
Қазіргі таңда шағын және орта кәсіпорындар шамамен 3 миллион 300 мың қазақстандықты жұмыспен қамтып отыр. Бұл - экономикалық белсенді халықтың 39 пайызын құрайды, - дейді Мәулен Әшімбаев.
Ол қазіргі уақытта бұл мәселенің маңызы бұрынғыдан да арта түскенін айтты.

Президентіміз биылғы Жолдауында шағын және орта бизнеске қосымша көмек ретінде кешенді қолдау шараларын ұсынды. Пандемияға байланысты жеңілдікпен берілетін несие көлемі айтарлықтай ұлғайды.

Несиелерді 6 пайызға дейін төмендету үшін мемлекеттік субсидия берілуде.

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторға тиесілі жылжымайтын мүлік нысандарын жалға алғаны үшін төленетін жалдау ақысы жыл соңына дейін тоқтатылды.

Шағын және орта бизнес өкілдерінің еңбекақы қорына түсетін ауыртпалық жеңілдетілді. Екі жылға қосылған құн салығынан және әлеуметтік салықтан босату ұсынылды.

Президент тапсырмасы бойынша табыстың 3 пайызы көлемінде бөлшек салық енгізілетін болды,- дейді Сенат төрағасы.

Өзгелердің жаңалығы