Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесін төмендету – стратегиялық міндет

16 Маусым 2022, 12:30
1144
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Мемлекеттік сектордың экономикадағы  үлесін төмендету – стратегиялық міндет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. 

Айтуынша, квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру мәселесінде жекешелендірудің маңызы зор. 

Қазір жүргізіліп жатқан жекешелендіру жұмыстарын әрі қарай да қарқынды түрде жалғастыру қажет. Квазимемлекеттік сектордың біраз функцияларын бәсекелі ортаға беру керек. Ең бастысы, жекешелендіруге қатысты барлық жұмысты ашық әрі әділ жүргізген жөн, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол жалпы ел экономикасын дамыту үшін мемлекеттік сектордың ондағы үлесін төмендету негізгі қадам деп отыр. 

Бүгінде мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесі кем дегенде 40%-ды құрайды. Осы көрсеткішті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердің орташа деңгейіне дейін төмендетуіміз керек. Бұл – біздің стратегиялық міндетіміз. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты табанды әрі жүйелі түрде жүргізуіміз қажет, – деді Сенат спикері.

Еске сала кетейік, бұған дейін депутат Бекболат Орынбеков мемлекеттік нысандар арзан бағамен жекешелендіріп жатқанын айтып, наразылығын білдірген болатын. 

Өзгелердің жаңалығы