Мәулен Әшімбаев: Бүгінгідей күрделі кезеңде тәуелсіздікті нығайту – басты міндет

15 Желтоқсан 2022, 15:22
933
Бөлісу:
Мәулен Әшімбаев: Бүгінгідей күрделі кезеңде тәуелсіздікті нығайту – басты міндет

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тәуелсіздік күні – еліміздің ең ұлық мерекелерінің бірі. Бұл күн – азаттығымыз бен еркіндігіміздің символы. Шын мәнінде, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктерінің бәрі осы Тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздіктің арқасында біз демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудамыз. Қазір бүкіл әлем алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Осындай күрделі шақта елдіктің іргесін бекітіп, Тәуелсіздікті нығайту – басты міндет, – деді Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысында. 

Айта кетерлігі, отырыс барысында Сенат депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңдарды қарап, қабылдады. 

Қабылданған заңдар елдердің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы