Масылдық пен бос сөзден арылуымыз қажет – Мемлекет басшысы

6 Қазан 2022, 17:07
742
Бөлісу:
Масылдық пен бос сөзден арылуымыз қажет – Мемлекет басшысы

Amanat съезінде Мемлекет басшысы ұлтты ұйыстыратын жеті қағидатты мәлімдеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біріншіден, Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Мен былтыр осы тұжырым туралы арнайы мақала жарияладым. Біз егемендігімізді сақтай алсақ қана, ұлт болып, ел болып тұра аламыз. Тәуелсіз мемлекет қана өзінің тілін, жерін, дінін, ділін сақтап қалады. Сондықтан, Тәуелсіздік – біз үшін ең басты құндылық. Тәуелсіздікті қорғау және нығайту – әрбір азаматқа, бәрімізге ортақ міндет, - деді Мемлекет басшысы.

Президент еңбек адамы қоғамда қашанда құрметке ие болатынын айтты.

Тағы да қайталап айтамын. Дамыған, өркениетті ел боламыз десек, еңбекті ең басты орынға қоюымыз керек. Еңбекқорлық – өскелең ұрпақтың бойына сіңген қасиет болуға тиіс. Бұл қасиет біздің өмір салтымызға айналуы керек. Масылдық ниеттен, бос сөзден арылуымыз қажет. Тәуелсіздікті нығайтуға нақты іспен үлес қосу – әр азаматтың перзенттік парызы. Еңбек адамы біздің қоғамда қашанда құрметке ие болады. Себебі, еңбекқор адам өз сөзін әрдайым іспен дәлелдей алады - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы