Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Отырысқа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық етуде.
«Масылдықтың орын алуына жол берілмейді. Өкінішке қарай, бұл кесел ұлттық мінез-құлқымызға кері әсерін тигізуде. Біз бүкіл қоғам болып жұртшылықты еңбекке баулуға тиіспіз. Табысты жұмыс істегені үшін азаматтарды қаржылай ынталандыру керек. Бұл мемлекеттің міндеті. Біз осы міндеттерді орындауымыз керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Президент жанындағы Ұлттық кеңестің
алғашқы отырысы басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Тоқаев «
Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет», «
Отандастырамыз өз пікірлерін ашық айта бастады» деген еді.